Жамбыл облысында кәсіпкер бірден үш отбасыға пәтер сыйлады

Жамбыл облысында Қордай ауданының құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев "Туған елге тағзым" акциясы аясында тұрмысы төмен үш отбасыға пәтер алып берді. 

Салыбаев қордайлық танымал меценат. 2017 жылы ол бес отбасының баспаналы болуына көмектескен, бұл жолы тағы үш мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады.

Гүлмира Добай даяшы болып жұмыс істейді, екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Келіншек өз үйім болса деп армандайтын. Ол арманы Алғыс айту күнінде орындалды.

Жалғызбасты ана Раяна Бектұрова мен Әуелбек Балбек те баспаналы болды.


Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, ауданның көптеген тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.