Ж­амбыл облысында кішкентай бүлдіршіннің қ­анын мойнына жүктеген күдікті құрықталды­


Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқа ойнауға шығып із-түссіз жоғалып кеткен ұлын іздеген анасы полицияға хабар берген.
«Арыз түскеннен кейін дереу баланы іздеуге кірістік. Ертеңіне таңертең бүлдіршіннің мәйіті өз үйіне жақын маңнан табылды», - делінген хабарламада.
Іздеу шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 55 жастағы ер адам құрықталды.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.