Жамбыл облысында көлік жуу бекетінің екі жұмысшысы түтінге уланып қалды

«21 желтоқсанда Жамбыл облысының Қордай ауданында «К-1» көлік жуу бекетінің ғимаратында 21 және 24 жастағы екі жұмысшы түтінге уланып, аудандық орталық ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

 Оқиғаға пештің түтін шығаратын бөлігіндегі ақау себеп болған деген болжам бар. Ол табиғи газбен жұмыс істеген.