"19-тамызда "Мак-2007" жедел-профилактикалық іс-шара аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Мерке ауданының құмды өңір басталатын аймағында қарақурай дайындау үстінде бір жігітті ұстаған, одан тоннадан астам марихуана тәркіленді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, ұсталған марихуананы әріқарай сату үшін дайындағандығын мойындады.
Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі арнаулы бөлімше қызметкерлері екі тоннадан астам марихуана тәркілеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті