Жамбыл облысында мәслихат депутаты сотталды

Өңірдегі ең ірі жеке оқу орны өткен жылы білім беру талаптарына сәкес келмей жабылған еді. Оған ректор Жомарт Қошқаров қарсы тұрғанымен ақыры университеттің есігіне қара құлып салынып, шәкірттері өзге білім ошақтарына таратылған. Ал, өзі артынша істі бола қалды. Оған Ақпараттық технологиялар колледжін ашу үшін мемлекеттен берілген қос ғимаратты жалған құжат жасау арқылы заңсыз меншіктеді деген айып тағылған. Осы былықты өзінің орынбасары екеуі жасап, қазынаны 130 млн. шығынға батырыпты. Жомарт Қошқаров енді 5 жыл алты айын, оң қолы Жаңабай Әшім 5 жылын абақтыда өткізуі тиіс. Ал, «Ақ Жол» партиясы атынан сайланған халық қалаулысы депутаттық мандатынан тек сот шешімі заңды күшіне енген күні айырылмақ. 

Loading...