Арнаулы қызмет өкілдері 39 жастағы денешынықтыру пәні мұғалімінің үйінен жалпы салмағы 90 килограмм марихуана салынған 8 қап пен 9 килограмм гашиш салынған бір қап тапты.
Екі күннен кейін ол жұмыс істеген мектептің жертөлесінен ҰҚКД-нің қызметкерлері бұрын марихуана салынған 9 қап пен таразы тапты. Арнаулы қызметтің жорамалына сәйкес, мұғалім мектептің қосалқы жайын есірткі сақтау үшін пайдаланған.
Мұғалім мен оның сыбайласы тұтқындалды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "аса ірі көлемде есірткілік заттарды бір топ адамның алдын-ала сыбайластық жолымен заңсыз сақтауы" жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті