Жамбыл облысында нөсер жаңбыр салдарынан елді мекендерді су басуда


Сарысу ауданының Жаңатас қаласында он шақты үйдің сарайын су алды. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері барды. Олар жергілікті атқару органдарының көмегін пайдаланып, экскаватормен арық қазды. Осылайша суды ағызып, қауіптің алдын алды.

Жуалы ауданы Қарабастау ауылында да бір үйдің ауласын су алды. Су деңгейі 15 см. Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері бұған тек нөсер жаңбыр ғана емес, арықтың бітеліп қалуы да себеп болғанын анықтады. Қазіргі уақытта су сорылып алынып, қауіптің беті қайтты.