Жамбыл облысында өрт сөндірушілер 3 күннен бері қызыл жалынды ауыздықтай алмай жатыр


Өршіген өртті өшіруге төтенше жағдайлар қызметінің шамасы келмей жатыр. Сондықтан оған әскерилер мен полицейлер және орманшылар мен шенеуніктер де жұмылдырылған. Алайда мыңға жуық адам мен жүзден аса техника, сондай-ақ екі тікұшақ тартылғанымен, олар тілсіз жауды ауыздықтай алатын емес. Шарпыған жалын минут сайын күш алып барады. Осы өрттің арасынан бір адамның өлі денесі табылды. Марқұмның Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің қызметкері екені анықталды. Мұндай қайғылы жағдай осыдан екі апта бұрын да болған еді. Осы Меркінің тауындағы жалынмен арпалысып жүріп, екі орманшы қаза тапты.