Өрт Талас ауданындағы "Жұлдыз" шаруа қожалығында 23-тамыз күні 14 сағат 50 минутта шыққан. Оны сөндіруге 24 адам мен 6 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 20 сағатта ауыздықталды.
Министрлік ақпаратына сәйкес зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі қазір нақтыланып жатыр.