Жамбыл облысында отарба мен автобустың соқтығысуы салдарынан жолаушылар зардап шекті

Апат салдарынан автобуста отырған жеті жолаушы зардап шегіп, олар Тараздағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан ешкім жоқ.

Отарбалардың қозғалысы бір сағатқа үзілді. Ал қазір қозғалыс бұрынғы режимде қайтадан жанданды.