Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаттығулар барысын Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері Даниал Ахметов пен Анатолий Сердюков бақылаған. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Өзбекстан елдерінің қорғаныс министрлері шақырылған. Жаттығуларға Қазақстан армиясының атынан аэроұтқыр әскерлердің десантшылары мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылық бөлімінің әскери қызметкерлері қатысты.