Жамбыл облысында пара алған полиция қызметкері ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 10 қараша күні қаржы полициясына "бір азамат аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі ағасын қылмыстық жауапкершіліктен аман алып қалу үшін $2 мың көлемінде пара талап еткені туралы шағым түсірген".

13 қараша күні парақорды қолға түсіру кезінде тергеуші қызмет ететін аудандық бөлім қызметкерлері тарапынан қаржы полициясының шұғыл тергеу тобына қарсылық көрсетілген. Күдікті оқиға орнынан жасырынып үлгерді. Алайда, бірнеше күннен кейін, АІІБ тергеушісі тұтқындалды. Оған ҚР ҚК 311 бабына сәйкес (бопсалау арқылы пара алу) айып тағылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті