Жамбыл облысында педофил кінәсін мойындады

-Тұншықтырдыңыз, сосы қай жерге жатқыздыңыз осы бөлмеде?

-Мына жерге былай, арқасымен  жатты.

Басты күдікті ретінде марқұм сәбидің 55 жастағы көршісі айыпталған. Себебі, баланың өлі денесі сол үйдің ескі тоңазытқышының ішінен табылды.  Сорақысы, күйеуінің қылмысын біле тұра, әйелі оны жасырмақ болыпты. Тіпті бүлдіршіннің жақындарымен бірге іздеу жұмыстарына қатысқан. Тек иісшіл ит іске кіріскенде, жауыздықтың әшкере болатынын сезсе керек. Сөйтіп жолдасы жасырған өлі денені тауып алдым деп әке-шешесіне өз қолымен тапсырған. Алайда үш тәуліктен соң педофил кінәсін толық мойындады. Қаскөй баланы үйге алдап кіргізіп, алдымен ұрып өлтіріпті. Тек содан соң азғындыққа барған. Ал оның денесін тоңазытқышқа жасырып, ауылдан шығармақ болса керек. Бірақ тәртіп сақшылары мен әскерилер ауылды қоршап алған соң, жоспарларын іске асыра алмаған. Енді ерлі-зайыптыларды қатаң жаза күтіп тұр.     

Loading...