Жамбыл облысында полицияға жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облыстық ІІД-ін Мейірхан Жаманбаев басқаратын болды. Бүгін жаңа басшыны қызметкерлерге ҚР ІІМ-нің орынбасары Алик Шпекбаев таныстырады.

Бұл тағайындауға дейін М.Жаманбаев Қостанай облыстық ІІД-ін басқарған. Бұған дейін Жамбыл облыстық полициясын Сәулебек Күнғожинов басқарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті