Жамбыл облысында православиелік шіркеу ашылды

Владимир Лыткин шіркеуді тұрғызуға арналған қайырымдылық қаражатын жинаған. Ол шіркеу құрылысы 1991 жылы басталғанын жеткізді.

"Қаражат жинауға орыс диаспорасының белсенділері бел шеше кіріскен. Қайырымдылық шаралары өткізілген. Оның барысында облыс кәсіпкерлері белгілі бір мөлшердегі ақша аударған. Ерікті ақша аударымдарын жинау акциясы шіркеу құрылысын аяқтау үшін ақша жинауға мүмкіндік берді", - деді В. Лыткин.

Шіркеу қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, "Мәскеу әкімшілігі де көмек қолын созған. Мәскеуден алтын жалатылған жеті қоңырау, сондай-ақ, құрал-жабдықтар мен шіркеу аумағын безендіру заттары тиелген вагон келіп жеткен".