Жамбыл облысында қар көп жаууға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Басқарма ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында бүгін түні бойы қар жауған. Таразда таңертеңгісін қардың қалыңдығы 25-30 см-ге жетті. Сынап бағанасы минут 17 градусқа дейін төмендеді.

Тараздағы тіршілік қамтамасыздығы жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі штаб төрағасы, қала әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтың хабарлауынша, түнде облыс орталығында қар тазарту жұмыстарына 7 машина, 3 топырақ шашқыш машина мен "Тазажол" коммуналдқ кәсіпорнының грейдері жұмылдырылды. Алайда, түні бойы қардың қалыңдығы қайтадан 25 см болды. Әкімшілік штабының шешімі бойынша, бүгін, 2-ақпанда көшелерді қардан тазарту жұмысына Тараздағы кәсіпорындардың техникалары түгелдей және "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскерилері жұмылдырылуда.
Қарға байланысты Құйық және Қордай асулары автокөліктер үшін жабылды.
Алматы-Тараз және Тараз-Билікөл трассаларының қиылысында түнгі 0 сағат 50 минутта көктайғақ салдарынан КамАЗ автокөлігінің сүйретпесі аударылып қалды. Апат салдарынан жол бітеліп, оны оқиға орнына келіп жеткен жол полициясы мен төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың қызметкерлері реттеді.
Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан арагідік тоқ үзілуде. Көгілдір отынның шығыны да арта түсті. Мәселен, қаланы жылумен қамтамасыз етуші негізгі кәсіпорын болып табылатын "Таразэнергоорталығы" АҚ-ның газ шығындары сағатына 20 мың текше метрден 30 мыңға дейін артты. Сол себепті әкімшілік табиғи газ тұтыну мөлшерін шектен шығарып жіберуге байланысты облысқа айыппұл салмау туралы "Қазтрансгаз" ЖАҚ-мен келіссөздер жүргізе бастады.