Жамбыл облысында қар қамауда қалған адамдар іздестірілуде

Басқарма мәліметі бойынша, Байзақ ауданының Кеңес ауылынан жолға шыққан төрт таксидің жүргізушілері мен жолаушылары, сондай-ақ, ГАЗ-59 көлігінің жүргізушісі іздестірілуде.

Қазіргі жағдаймен жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар тобы жіберілді.
Тараз қалалық әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, облыс орталығында қардың көптігінен автотранспорт саласының жұмысында кідірістер пайда болды. Қаладағы жолаушы тасымалдаушы транспорттың 60 процентке жуығы ғана бүгін жұмысқа шықты.