Жамбыл облысында қаржы полициясы тәркіленген тауарды сатудың орнына құртып жатыр - телеарна

"Қаржы полициясының жауапсыз қызметкерлерінің арқасында мемлекет қазынасына шамамен 400 млн теңге түспей қалды", - деп хабарлады телеарна.

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, Жамбыл облысының қаржы полиясының соңғы үш жылдағы қызметін прокурорлық тексеру қаржы полициясы тәркілеген көптеген заттай айғақтардың жарамсыз болып қалғанын көрсеткен. Өйткені, оларда тиісті бақылау болмаған.

Полиция қызметкерлері өздерін ақтау үшін оларда заттай айғақтарды сақтау мүмкіндігі болмады деп дау айтқан. Дегенмен, прокурорлар да қаржы полициясының бұл мәселені бір де бір рет көтермегенін мәлімдеген.