Жамбыл облысында қатаң тәртіптегі түрме қызметкері пара алу үстінде қолға түсті

Облыстық прокуратура хабарламасына сүйенсек, ЖД-158/4 түзеу мекемесі жасағы басшысы «Л. Деген азаматшадан 150 мың теңге пара алу» барысында қолға түскен. Ол пара берушінің немересін шартты түрде мерзімінен бұрын еркіндікке шығаруы тиіс болатын.

Қазір ол тергеу изоляторына тоғытылды. Істі облыстық прокуратура жеке бақылауға алды.