Жамбыл облысында қоғамдық көліктің түнде жүруіне тыйым салынуы мүмкін


Бекет Аймағамбетов, Жамбыл облыстық ІІД бастығы:

- Облыс әкімі Қанат Бозымбаев премьер-министрдің атына осындай ұсыныспен хат жолдады. Күре жолдарда қоғамдық көліктердің түнде жүруіне тиым салмаса, адам өлімі жиілеп кетті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстаннан қатынайтын автобустар алаңдатады. 

Осылайша қайғылы жағдайларды алдын алу көзделіп отыр. Себебі қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол апаттары аймақта тым жиілеп кеткен. Әсіресе, өткен сенбі күні Т.Рысқұлов ауданында орын алған жантүршігерлік оқиға жұрттың төбе шашын тік тұрғызды. Автобус пен жүк машинасының соқтығысуынан 12 адам көз жұмған. Түрлі дене жарақатын алған 9 жолаушы әлі күнге аудандық ауруханада жатыр. Екеуі жансақтау бөлімінде.