«Арқан» жедел алдын алу шараларының барысында өңір аумағынан тұрақты түрде мал ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ анықталды. Олар кезекті рет Талас ауданында ұрлыққа түсу кезінде ұсталды», - деді Жамбыл облысы ІІД басшысы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов.
Қылмыстық топ Жамбыл облысының алты тұрғынынан құралған. Олардың біреуі осыған ұқсас қылмысы үшін істі болып, шартты түрде жауапқа тартылған. Қылмыстық топқа қатысушыларының жасы 19 бен 39 жас аралығында. Ұйымдастырушысы - 39 жаста. Ұсталған тұлғалар қамауға алынды.
Жамбыл гарнизоны басшысының сөзіне қарағанда, ұрлықтың бәрі Жамбыл облысының аудандары мен Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жасалған.