Жамбыл облысында қылмыскер конвойдың қолынан сытылып кетті


Байзақ аудандық сотының үкімімен ұрлық жасап 7 жылға сотталған жергілікті тұрғын Тараздағы тергеу абақтасының тұсына келгенде зым-зия жоқ. Тәртіп сақшыларының одан қалай ажырап қалғандары түсініксіз. Ішкі істер департаменті осыған қатысты мәлімет беруден үзілді-кесілді бас тартты. Тіпті болған жайды жасырғандары сонша, шаһарда жүріп жатқан қашқынды іздеу операциясын, оқу-жаттығу шарасы деп алдап отыр. Қазір қаладан шығатын жолдың бәрі жабылып, қолына қаскөйдің суретін ұстаған полицейлер әр көлікті тінтуде.