Жамбыл облысында қылмыстық іздеу күнін салтанатты түрде атап өтті

Мереке құрметіне қылмысқа қарсы күреске үлкен үлкес қосқан жедел қызметтің 28 қызметкері ҚР Ішкі істер министрлігі мен облыстық ішкі істер департаменті басшылығы атынан медаль, орден, құрмет грамоталарымен және басқа да сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы ІІД бастығы Бекет Аймағамбетов қылмыстық іздеу ішкі істер органдарының басты қызметі болғанын және Қазақстан Республикасының игілігі үшін қызмет ететін мінсіз жұмыс болып қалатынын атап өтті.