"Мак-2007" іс-шарасын жүргізу барысында көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі арнаулы бөлімшенің қызметкерлері Луговая станциясында Құрағат - Тақты аралындағы 3627-ші шақырымда марихуана жинаумен айналысқан Қырғызстанның 52 жасар азаматын ұстаған. Оның жинаған марихуанасының салмағы жарты тоннадан асып жығылады. Ол алдын ала тергеуде жиналған марихуананы кептіріп, үйіне алып кетпек болғандығын, ал жартысын жасырын жерге тығып кетіп, кейінірек әкетпек болғандығын мәлім етті", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер, іс-шара нәтижесінде Қазақстаннан Қырғызстанға есірткі тасымалдаудың тағы бір арнасы жойылғандығын атап көрсетті.
"Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды. Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау жөніндегі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті