Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қордай" өткізу бекетінде шекарашылар жасағы көліктерді тексеру барысында Қазақстаннан Қырғызстанға "БМВ" автокөлігімен бет алған екі Қазақстан азаматын ұстады. Ұсталғандардан декларацияда көрсетілмеген 51 700 доллар, сондай-ақ, жалпы құны 2 мың доллар тұратын түрлі ұялы телефондар мен ИЖ-79 маркалы газды тапанша табылды.
"Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.