Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қазақстан Республикасының Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қзметкерлері жедел шаралар барысында "ТОЗ-8" винтовкасын сату үстінде Қырғызстанның үш азаматын құрықтады. "Көрсетілген тұлғалар "Бесағаш" шекара күзетін айналып өтіп, облыс аумағына заңсыз кіргені белгілі болды",- деп түсінірді баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 250-бабының 2-тармағы мен 251-бабының 2-тармағы бойынша (Айналымнан алынған заттардың немесе айналымы шектелген заттардың контрабандасы, және де қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті