Жамбыл облысында сайлаушылардың 89,5 пайызы М.Жолдасбаевқа дауыс берді


Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша, дауыс беруге облыстық мәслихаттың 200 депутаты қатысқан. Олардың 89,5 пайызы Жамбыл облысы әкімінің 57 жастағы орынбасарына дауыс берген.

М.Жолдасбаев Мәскеу ауыл шаруашылығы инженерлерінің институтын бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысында «Красный Октябрь» ұжымшарында жұмысшы болып бастады. 2009 жылдан бері - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, ҚР Парламент Сенатының сайлауына үш үміткер - «Тараз» футбол клубының президенті Махамбет Дүйсембаев, «Имсталькон» Жамбыл монтаждау фирмасы» ЖШС директоры Владимир Новоселов пен М.Жолдасбаев қатысты. Олардың барлығы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.