Жамбыл облысында шахтадағы апат салдарынан бір жұмысшы мерт болды

ТЖМ мәліметінше, 20 сәуірде 4 сағатта Ақбақай кентінде, "Ақбақай ТКМК" шахтасында (Жамбыл облысы) жұмысшы қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жұмысшы проходчик шахта өзегімен көтерілген кезде клеткадан құлап, жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.