Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды

Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды.
 
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
 
27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлады ведомстоның баспасөз қызметі.
 
"Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды. Аталған факті бойынша ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген хабарламада.
 
ҰҚК хабарлауынша, шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауда.