Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған 39 Қытай азаматы ұсталды

Шекара тәртібін бұзғандар Қырғызстаннан Қазақстанға Қордай ауданы арқылы өтіп кетпек болған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, қылмыстық іс қозғалды. Жалпы облыста соңғы бес күн ішінде мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 17-і Түркия, Дания, Филиппин сияқты алыс шетелдерден келгендер. Бұдан бөлек тағы 39 адам Қазақстан аумағынан депортацияланды. Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы: - Жедел алдын алу шарасының бірінші кезеңінің өзінде 1065 шетел азаматы ұсталып отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық іс қозғалып, олардың барлығы жауапкершілікке тартылуда, - деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
 сайты.