Баспасөз қызметінің ақапараттарына сүйенсек, Луговая бекетінде 205 кг марихуананы шауып, кептіріп үлгерген Шымкенттің 33 жасар тұрғыны құрықталған. "Тергеу барысында күдікті ұсталғанға дейін тағы 485 кг марихуананы тыққанын мойындады",- деп атап өтті полицейлер. Полицейлердің айтуынша, ол есірткіні Тәтті және Аспара бекеттерінің арасындағы темір жолда орналасқан бағдаршамға тыққан.
Сонымен қатар баспасөз қызметінен, "Наркощит" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілген 7 ішінде көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 қылмыс әшкерлеген, олардың 12 дерегі есірткі сату және 5 контрабанда. Заңсыз айналымнан 891 кг астам әртүрлі есірткі тәркіленген, олардың ішінде 890 кг марихуана, 1 кг астам героин және 22 грамм гашиша.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті