Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды BAQ.KZ.

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болған. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған.  Аудандағы ахуал тұрақты. Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта  26 тамызында өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.