Жамбыл облысында тәртіп сақшылары 2 тонна марихуана тәркіледі

Атап айтсақ, 10 қыркүйекте Жамбыл облысы Мерке ауданы Тәтті станциясынан 5 шақырым жерде шұғыл шаралардың барысында облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Тараздың 48 жастағы тұрғынын ұстап, одан 1005 кг марихуана тәркіледі.

Сондай-ақ, сол күні облыстық ІІД мен есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері Шу ауданының Тасөткел шатқалында Алматы облысының 29 жастағы тұрғынынан 950 кг марихуана тәркіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті