Жамбыл облысында Тәжікстандық есірткі тасымалдаушылар 27 кило героинмен ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушыларды 6-маусым, дүйсенбіде №17 поезға кедендік тексеру кезінде кеденшілер тобы ұстады. Есірткі қосалқы түбі бар сөмкеге жасырылыпты. Табылған героиннің жалпы салмағы 26,852 кило болды.

Департамент ақпаратына сәйкес, бұл - "Мерке" кеден бекетінің тарихында қолға түскен ең ауқымды есірткі партиясы.
Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің "Аса ірі көлемде есірткі сақтау және тасымалдау жөніндегі" 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.