Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "15 қаңтардағы 21 сағаттағы жағдаймен барлық вагондар көтерілді. Поездардың қозғалысы тақ санды жолмен жүзеге асырылуда. Темір жолдың бүлінген бөлігі қалпына келтірілуде", -деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қаңтарда 17 сағат 35 минутта Шоқпар-Алаайғыр өткелінде (3821 км), Шу станциясынан Отарға қарай 70 шақырым жерде Алматы облысының Шу станциясынан Боралдай станциясына жол тартқан №2908 жүк поезының 21 вагонының (барлығы көмір тиелген 49 вагонов) 18 вагоны аударылып, соның ішінде 3 вагон кері бағыттағы жолды басып қалды. Оқыс оқиғаның салдарынан 3 электр бағаны құлап, оң тармақта 400 метр темір жол, сол жақ тармақты 12 метр темір жолға зақым келді. Апаттың алдын-ала себебі автосцептің үзілуі мен бір вагон тежегішінің өзіндігінен жұмыс істеуінен болған деп танылуда.