Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әділет капитаны сотталған адамды түзету мекемесінің аумағында төбелеске қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып қорқытып, одан 800 доллар көлемінде пара бопсалаған. "Жамбыл облыстық ҰҚКД қызметкерлері оны бопсалаған ақшаның 60 мың теңге көлеміндегі бір бөлігін алып жатқан сәтте қолға түсірді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Түзету мекемесінің қызметкерінің үстінен ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағына (бопсалу арқылы пара алу) сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті