Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың бір жетекшісі ұсталды

Тәртіп сақшылары тұтқыннан "Мигрэм" атты тапанша-пулемет пен кәдімгі оқпен атуға лайықтап қайта жасалған газды тапанша тәркіледі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 34 жастағы жетекшісі 2001-жылы Таразда жасалған кісі өлтіру оқиғасына қатысы бар күдікті деп саналуда.
Полицияның ақпаратына сәйкес, қылмыстық топтың мүшелері "бірнеше жыл бойы бопсалау, адам ұрлау және басқа да ауыр қылмыс түрлерімен шұғылданып келген".
Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.