Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына 170 млн. теңге бөлінеді

Кездесу барысында аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына жоспарланған шаралармен бөлісті, ардагерлердің пікірлерін тыңдады.

«Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына деген дайындық бүгіннен басталуы керек», - деді К.Көкірекбаев.

Еске сала кетейік, өңірде бүгінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үй мәселелері шешілді. Соңғы 5 жылда 77 жамбылдық ардагерге жаңа пәтердің кілттері табыс етілді.

Кездесу кезінде облыс әкімі Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 2015 жылдан ардагерлерге санитарлық-курорттық жолдамалар беруді жаңғыртуды тапсырды. Сонымен қатар келесі жылы Ардагерлер үйін қолданысқа беру жоспарланған.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлау аясында Жамбыл облысында шамамен 170 млн. теңге бөлу көзделген, деп атап өтті аймақ басшысы.

Жамбыл облысында 278 ҰОС ардагері, 7 500 жуық тыл еңбеккері тұрады.


Кездесу соңында облыс әкімі К.Көкірекбаев ардагерлерге мықты денсаулық, отбасына береке, қоғамдық бастамаларда сәттілік тіледі, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.