Жамбыл облысында вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты зақымданған темір жолдың екінші желісі жөнделуде

деп хабарлайды Жамбыл облыстық әкімдігі Төтенше жағдайды қалпынан келтіру жөніндегі комиссияға сілтемемен ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда 23.45-те Тараз қаласынан 65 шақырым қашықтықта 12 жүк вагоны жолдан шығып кеткен болатын. Соның салдарынан 16 жолаушылар пойызы кестеден қалып қойған еді.

Қазіргі сәтте пойыздардың қозғалысы бір жақты қозғалыс негізінде ретке келтірілген. Жолдың екінші желісін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.