ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, фосфор кенін тиеген жартылай вагондар тепловоздың тежегіш жүйесі істен шығу салдарынан жолдан шығып кеткен.
Тараз темір жол бекеті диспетчерінің хабарлауынша, тепловозда алты адам болған. Қаза тапқан бір әйел мен оқиға орнынан табылмаған екі адамның аты-жөні анықталу үстінде.