Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-желтоқсандағы жағдаймен 14 сағат 50 минутта апаттық қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2 желтоқсанда 23 сағат 40 минутта Жамбыл облысының Қордай ауданында Анархай станциясында №3013 жүк поезының 9 вагоны шойын жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға Шу станциясының қалпына келтіруші поезы мен 30 адам жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті