Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен келіншек қолға түсті

Тараз қаласы маңындағы саяжай аумағынан жаңа туған нәресте табылды.


           Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қапшыққа салынған шарананы осыдан бірнеше күн бұрын жергілікті тұрғындардың брі тауып алған.
           Нәрестені дереу перзентханаға жеткізген полицейлер көкек ананы іздеуге шықты. Баланың анасы 23 жастағы келіншек болып шықты. Оның 4 жасар баласы бар. Ал, ата-анасы қызының аяғы ауыр екенінен бейхабар екенін айтады.
           Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.