М.Мұсаевтың ақпаратына сәйкес, іштеріне пышақ салып алған 15 адамның үшеуі Тараз жедел жәрдем ауруханасына жатқызылса, қалған 12 адам жеңіл жарақаттанған. Оқыс оқиға 8-сәуір, жұмада болды. Зардап шеккен үш адамға сол күні операция жасалып, кешкісін абақтыға жеткізілді.
Осындай наразылық шарасының көмегімен сотталғандар абақтыдағы жағдайды өзгертуге талпыныс жасаған. Олар кездесулер санына қойылған шектеуді алып тастауды, біркелкі киім кигізуді доғаруды, сап түзей жаяу жүріске шығуға мәжбүрлемеуді талап еткен. Ал абақты басшылары болса, шараны "қылмыс әлемінің серкелері ұйымдастырды" деген пікірде.
М.Мұсаевтың айтуынша, 10-сәуір, жексенбіде түрмеде жиналыс өткізілді. Сотталғандарға түзету мекемелеріндегі ішкі тәртіп туралы ҚР әділет министрінің бұйрығы жайында түсініктеме берілді. Ал аталмыш бұйрыққа сәйкес жоғарыдағыдай әрекет бағынбаушылыққа жатады.