Жамбыл облысында жер сілкінді

Оның энергетикалық санаты К=9,0.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 420 шақырым жерде орналасты.

Жерасты дүмпулері Тараз қаласында MSK-64 бағамы бойынша 2-3 балдық күшпен байқалды. Қаза болғандар мен қирандылар жөнінде ақпараттар түскен жоқ.