Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі СТӘЭ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырымда Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6, магнитудасы - MPV 4,5", - делінген хабарламада.
Loading...
Tengrinews.kz оқырмандары мәліметінше, жер сілкінісі Таразда сезілген.
"Қанша балл болғанын білмеймін, бірақ қатты сілкінді", - дейді қала тұрғыны.