Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жайында тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде мәлімдеді.
«Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді» деп жазылған журналистің жазбасында.
Сарбаздың нағашы ағасы Бауыржан Мерековтің айтуынша, Ұлықбек Бердішевтің өлі денесін Қырғызстанда тауда асылып тұрған жерінен тапқан.
Ұлықбек Бердішовтің анасы Орынкүл Мерекова ұлы жоғалып кеткенін ести сала, Қызылорда облысы Қазалы ауданынан Андас батыр ауылынан келіп, сонда үй жалдап, ұлын іздеуге кіріскен.
"Мен ешқайда кетпеймін. Ана жүрегім, балам жақын жерде екенін айтты, мен оны іздеймін", - деді анасы көзіне жас алып.