ТЖМ ақпаратына сәйкес, 16 қарашада сағат 18.30-да Жамбыл облысының Рысқұлов атындағы ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 461-ші шақырымында 45 жастағы "Мерседес" жүргізушісі көлігін аударып алды.
Соның салдарынан 66 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тауып, 45 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды.