Жамбыл облысында жол апаты салдарынан екі бала мерт болды



Апат Жамбыл ауданындағы Ассы-Шайдана автожолының 13-шақырымында болды. ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісі "Муравей" мотороллерімен соқтығысқан. Соның салдарынан мотороллерде отырған 7 және 4 жастағы екі бала оқиға орнында мерт болды. Мотороллердің жүргізушісі мен тағы бір жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті