Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы-Ташкент автожолының 426-шы шақырымында, Жамбыл облысы аумағында "ВАЗ" көлігі мен Алматы-Тараз бағытында кетіп бара жатқан "Сетра" автобусының соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тауып, 14 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Автобусты 51 жастағы ер адам айдаған, көлікте 35 жолаушы болған.
Оқиға кеше, 23-қазанда кешке 22 сағат 30 минутта болған. Апат орнында "Жигули" көлігінің 49 жастағы жүргізушісі мен автобустың үш жолаушысы: 55 және 65 жастағы екі әйел мен 18 жастағы жасөспірім қаза тапты. Жеңіл көліктің 46 жастағы жолаушысы мен автобустың тағы бір жолаушысы - 38 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.
Бұған қоса, "Сетра" автобусының 13 жолаушысы мен "ВАЗ" көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.