Жамбыл облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Апат бүгін таңертең 4 сағат 30 минутта Құлан ауылында болған. "Ауди-80" және "Мерседес-190" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан ішінде 2 бала бар, барлығы 9 адам қаза тапты.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан адамдардың аты-жөні мен жасы анықталып жатыр.